Жоғары
print

Мемлекеттік органның қызметі

Ақпараттық қолдау

Мемлекеттiк сатып алулар

Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері

...

Құрметті Отандастар!

 

Сіздерді Ұлытау ауданының жергілікті өкілді органы – аудандық мәслихаттың ресми Web-сайтында көргеніме қуаныштымын. Ұлытау аудандық мәслихатының сайты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге арналған «Электрондық үкімет» жобасының құрамдас бөлігі болып табылады. Біздің сайтта Сіздерге ауданның әлеуметтік-экономикалық  дамуы, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы тұрақты түрде жаңартылып отырылатын мәліметтер ұсынылатын болады.

Мәслихат – жергілікті өкілетті орган.  Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Қазіргі заман Қазақстанның әрбір азаматына, оның мекендеген өңіріне қарамастан мемлекеттік билік органдарының жұмысын айқын етіп көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Жаңа уақыт ақпараттық насихатқа жаңа қырынан қарауды талап етеді. Сондықтан Сіздерді Ұлытау аудандық мәслихаты аппаратының сайтында қабылдай отырып, Республика халқын және интернет жүйесін пайдаланушыларды біздің ауданның өкілетті органының жұмысымен таныстырып отырғаныма өте қуаныштымын.

Біздің сайт – өкілетті орган мен бұқара арасындағы алтын көпір болмақ. Ұлытау облысы Ұлытау ауданы мәслихатының атқарған істері және алдағы жұмыс жоспары жайлы толық ақпарат алудың басты көзі. Сұраныстарыңыз бен уақыт талабына сәйкес ұсыныстарыңыз бізге күш біріктіре  жұмыс жасауға көмек береді.

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

Ізгі тілекпен, 

Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысы

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ.

 


Келулердің саны: 282614

Соңғы мақала:
Танымал беттер: